Текст
Мақсаты: - балалардың қорлау, психологиялық зорлық-зомбылық сияқты ұғымдарға теріс көзқарасын қалыптастыру; - қорқыту жағдайларынан шығу жолдарын табу қабілетін дамыту; - құрбыларына толерантты қатынасты қалыптастыру болды. Жасөспірімдерге түрлі жағдайлар ұсынылып, олардың көзқарастары тыңдалып, талқыланды. Өз тараптарынан мұндай мәселемен кездеспегендерін айтты. Қауіпсіздік бөлімінде «Табыстың күмәнді түрлері, қалай алаяқтардың тұзағына түспеуге болады?» мәселесі талқыланды. Оқушылар күмәнді оңай табыс жайында ақпараттандырылып, алаяқтардың басты белгілері жайында түсінік алды.