"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Үздік бірлестік-2019

    № 2 Красный Яр орта мектебінде 14 мамыр күні мектепішілік пәндердің  әдістемелік бірлестіктері арасында «Үздік бірлестік-2019»атты сайыс өткізілді. Әр бірлестік сайыста жеребе бойынша белгіленген кезекпен өнер көрсетіп, шығармашылық пен ізденімпаздықты таныта білді.

     Бірінші таныстыру кезеңін сайыскерлер  әртүрлі үлгіде  көрсетті: бейнебаян арқылы әдістемелік бірлестіктің мүшелері мен қызметін таныстырды,сахнада ертегі қойылымын сахналап, ән мен өлең шумақтары  арқылы әріптестерін көрермендерге жариялап шыққан топтар өзіндік ерекшелігімен көзге түсті.Әдістемелік бірлестік жетекшілері таныстырылым материалдары арқылы мұғалімдердің еңбек жолы мен жетістіктерін баяндады, сайыскерлердің дидактикалық қор, басылым өнімдері мен  шығармашылық сайыстардағы жүлделерін презентациялады. Екінші кезеңде әдістемелік тақырыпты шешу жолында қолданатын тәсілдерді ӘБ мүшелері қызықты әрі мазмұнды көрсете білді.Әдістемелік өнімдер көрмесі эстетикалық жағынан әсерлі , көркем  безендірілген.

    Сайыс қорытындысы бойынша әділқазылар алқасы ең үздік деп «Қазақ тілі бірлестігін» белгілеп, 1 жүлделі орын және «Үздік бірлестік-2019»кубогын табыстады, жетекшісі Махыметова Ж.А, 2 орынды бастауыш сыныптар бірлестігі иеленді,жет.Антонов А.А, 3 жүлделі орын гуманитарлық цикл бірлестігіне бұйырды, жет.Алексеев К.В, «Шығармашыл бірлестік» номинациясын сәндік - қолданбалы цикл бірлестігі жеңіп алды,жет.Ахсанова Т.С, «Ең нәтижелі бірлестік»номинациясы жаратылыстану циклына берілді,жет.Боргуль В.М, «Ең жаңашыл бірлестік» номинациясын физика- математикалық цикл иеленді, жет.Швефель Т.Э .Сайыс көнілді, достық пен ынтымақтастық қарым -қатынаста өтті.Алдағы уақытта осындай сайыстар мектебімізде дәстүрге айналады деген үміттеміз. Мол шығармашылық табыстар тілейміз.

 

Жаңартылған күні: 13.04.2019 11:42
Құрылған күні: 29.05.2019 10:52

https://5bf7b0e5a2a6410bb6e81a7b0671f873.elf.site

16.09.2024 күні 5-8 сыныбында «Буллингтен қорған» атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: - балалардың қорлау, психологиялық зорлық-зомбылық сияқты ұғымдарға теріс көзқарасын қалыптастыру; - қорқыту жағдайларынан шығу жолдарын табу қабілетін дамыту; - құрбылар

Ұйымдар тізімі
Текст