1.Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№2 Красный Яр орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (одан әрі - Мектеп) білім қызметін жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық – құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесі бар, коммерциялық емес мекеме болып табылады.
2.Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
3.Мектептің құрылтайшысы: Ақмола облысының әкімдігі мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып табылады (бұдан әрі – Құрылтайшы).
4. Мектептің өкілетті органы болып «Көкшетау қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады. (бұдан әрі –өкілетті орган).
5. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№2 Красный Яр орта мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
6. Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 020010 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы, Школьный көшесі, 13 үй.
2.Заңдық мәртебесі.
7. Мектептің өзіндік балансы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сай, банктерде есеп шоттары, мемлекеттік және орыс тілдерінде Мектептің атауы жазылған Қазақстан Республикасы елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөртабандары бар.
8.Мектеп басқа заңды мекеме құра алмайды, сонымен қатар, оның құрылтайшысы да бола алмайды.
9. Мектеп жедел басқару құқығы неізінде берілген жеке мүлікке ие, өзіне жүктелген міндеттеммелер бойынша өз құзырындағы ақша үшін жауапты болып табылады. Келісім шарттағы міндеттеммелер бойынша, мектеп жауапкершілікке мектепті қамтамасыз ету бойынша бекітілген смета шеңберінде ие болады. Мектепке қаржы ресурстары жетіспеген жағдайда, оның міндеттері бойынша алмастырушы жауапкершілік Құрылтайшы органға жүктеледі.
10. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
3. Мектеп қызметінің пәні мен мақсаттары.
11. Мектеп қызметінің мәні Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын жүзеге асыру болып табылады.
12. Мектеп қызметінің басты мақсаты – қазіргі заман талаптарына сай жалпы білім беру бағдарламалары мазмұнының міндеттерін минимумын игерту, ойлау процестері мен рефлексия дағдыларын дамыту, қоғамның өзгермелі жағдайларына бейімделе алатын үйлесімді дамыған жеке тұлғаны дамыту.
13.Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін Мектеп келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға, ғылым мен практика жетістіктеріне негізделген тұлғаның қалыптасуы, дамуы, маман ретінде жетілуіне бағытталған сапалы білім алуға қажетті жағдайларды жасау;
2) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық қабілеттерін дамыту, адамгершіліктің берік тұғыры мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдайлар жасау арқылы оның ақыл-ойын байыту;
3) өз Отанына- Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілігін, патриотизм мен азаматтық сезімдерін, мемлекетттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге, Конституцияға және қоғамға қарама-қайшы келетін кез келген құбылыстарға деген төзімсіздік сезімін тәрбиелеу;
4) белсенді азаматтық рухтағы тұлғаны тәрбиелеу; қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмірге қатысуға деген қажеттіліктерін, тұлғаның өз құқықтары мен борыштарына саналы түрде қарауын қалыптастыру;
5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктерімен таныстыру; халқының және Қазақстан Республикасының басқа да халықтарының тарихы мен салт-дәстүрлерін зерттеу; мемлекеттік тілді, оған қоса орыс және басқа да шет тілдерін меңгеру;
6) педагогикалық қызметкерлердің әлеуметтік деңгейін көтеру;
7) қоғам мен экономиканың талаптарына сай келетін білім берудің сапасын бағалайтын ұлттық жүйенің жұмыс істеуі;
8) оқытудың жаңа технологиялыран енгізу және тиімді қолдану;
9) ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға білім алу үшін арнайы жағдайлар жасау; 10) оқытудың жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін білім беру бағдармалары мен педагогикалық технологиялардың әзірленуі және іске асырылуы;
11) баланың өзін шығармашыл және дарынды тұлға ретінде көрсететін шығармашылықты дамытатын жеке бағдармаларды жасау;
12) балаларды өзін-өзі дамыту және өз-өзінің білімін жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру;
13) Мектеп Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді.
14. Жалпы білім берудің бастауыш оқу бағдарламалары баланы тұлға ретінде қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу іс- әрекетіне деген оң ынталандыру мен іскерліктерін дамытуға: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын одан әрі игеру үшін өзін-өзі шығармашылықпен жүзеге асыру, тілдік қарым - қатынас жасау тәжірибесін, оқу, жазу, есептеудің берік дағдыларын, мінез-құлық мәдениетін дамытуға бағытталады.
15. Негізгі орта білім берудегі жалпы білім берудің оқу бағдарламалары оқушылардың ғылым жүйесінің базистік негіздерін игеруіне, оларда жоғары тұлғааралық және ұлтаралық қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыруына, жеке адамның өзін-өзі анықтауы мен кәсіби бағдарын қалыптастыруға бағытталады;
16. Жалпы орта білім берудің жалпы орта білім беретін оқу бағдарламалары жаратылыстану - математикалық және қоғамдық - гуманитарлық бағыттар бойынша бейіндік оқытуды оқытуды енгізе отырып, білім беру мазмұнын саралау, интеграциялау және кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді.
17. Дарынды балалардың әлеуетті қабілеттерін неғұрлым толық дамыту үшін оқу бағдарламасының кейбір пәндерін терең меңгеру мақсатында мамандандырылған жалпы білім беру оқу бағдарламалары әзірленеді.
18. Тұлғаның жекелеген санаттары үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың ұсынымдарын ескере отырып айқындалатын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму ерекшеліктері мен әлеуетті мүмкіндіктерін ескеретін арнайы оқу бағдарламалары әзірленеді.
19. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңындағы 8- бабының 5 - тармағына сәйкес, денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы білім беру мекемесіне бара алмайтын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық - медициналық – педагогикалық кеңесінің ұсынысына байланысты, Мектеп үй жағдайында тегін және жеке оқыту жалпы білім беретін пәндер бойынша немесе түзету оқу бадарламалары негізінде оқытуды ұйымдастырады.
Денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы білім беру мекемелеріне бара алмайтын бабалар үшін үй жағдайында жеке тегін оқу үшін Мектеп тарапынан «Денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру мекемелеріне бара алмайтын балалар үшін үй жағдайында жеке тегін оқытуды ұйымдастыру мақсатында құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.
20.Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру тәртібі.
1) Мектептегі оқу-тәрбие процесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес Үлгілік оқу жоспарлары мен Үлгілік оқу бағдарламалары негізінде әзірленетін жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады
2) Мектептегі оқыту және тәрбиелеу процесі мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
3) Мектеп Қазақстан Республикасы заңымен белгіленген шеңберде оқытудың түрлері, әдістері және құралдарын таңдауға дербес деп саналады.
4) Оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуының негізі Мектеп жүзеге асыратын оқу-тәрбие процесінің жоспарлануы мен есепке алынуы болып табылады.
5) Мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жоспарлары мен бағдарламаларының толық көлемде уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.
6) Мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесінің жоспарын және теориялық және практикалық сабақтардың кестесін бекіту жолымен жүзеге асырылады.
7) Мектептегі оқу-тәрбие процесін есепке алу оқытуды есепке алу журналының және оқу бағдарламаларының жоспарды орындауды есепке алу табельдерінің жүргізілуі арқылы жүзеге асырылады.
8) Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының нәтижелерін есепке алу оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуын есепке алудың сынып журналдарын жүргізу және оқу бағдарламаларының орындалуын есепке алу жолымен жүзеге асырылады. Мектепте «Күнделік» электронды сынып журналы жүйесі пайдаланылады.
9) Білім мен ғылымды интеграциялау, оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында мектепте оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүзеге асырылады.
10) Мектептегі тәрбие беру бағдарламасы білім үрдісінің құрамдас бөлігі болып табылады және патриотизм, азаматтылықты, интернационализм, мораль және адамгершілікті қалыптастыруға, сонымен қатар оқушылардың жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттіліктерін дамытуға бағытталған.
11) Мектепте жалпыға танылған халықаралық құқық және гуманизм принциптеріне қарама-қайшы келетін нәсілдік, этникалық, діни, әлеуметтік ымырасыздықты насихаттау, милитаристік және басқа идеяларды тарату, сонымен қатар діни ерекшеліктері көрсетілген киім киюге тыйым салынады.
12) Оқу-тәрбие процесі білім алушылардың және педагогтердің адами қасиеттерін өзара сыйлау негізінде жүзеге асырылады. 13) Оқушыларға физикалық, моральдық және психикалық зорлық- зомбылық жасауға рұқсат етілмейді.
14) Мектептегі әскерге шақырылу немесе әскерге шақырылуға дейінгі жастағы оқушылардың бастапқы әскери дайындығы Қазақстан Республикасынының заңымен бекітілген тәртіп бойынша жалпы орта білім берудің оқу бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.
15) Мектепте жалпыға міндетті мемлекеттік стандартқа сай мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі, сонымен қатар орыс тілі және мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сай шет тілдерінің бірі оқытылады.
16) Оқушылардың және олардың ата-аналарының, педагогикалық кеңес отырысының шешімі, қамқоршылар кеңесі негізінде, ЖМБ пәндері ағылшын тілінде оқытылады.
17) Білім алушылардың оқу жүктемесі, сабақ режимі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар, Денсаулық сақтау және білім беру органдарының үлгілік оқу жоспарлары мен ұсынымдары негізінде дайындалған Мектеп бекітетін ережелермен айқындалады және Қамқоршылық кеңесімен және Мектептің ата-аналар комитетімен келісіледі.
18) Білім алушылар білім беру ұйымында белгіленген киім нысанын күнделікті сақтауға міндетті:
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес, мектеп формасы білім берудің зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында сақталады. Мектеп формасының түсі –қара көк түсті.
Әртүрлі конфессияларға жататын діни киімдердің мектеп формасына енуіне жол берілмейді.
Ата-аналар мен басқа заңды өкілдер Мектеп белгілеген мектеп формасымен оқушыларды қамтамасыз етеді.
19) Бақылау-өткізу тәртібі.
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ұсынымдарына сәйкес білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіз болуын қамтамасыз ету үшін Мектепте бақылау -өткізу тәртібі орнатылды.
21. Білім беру ұйымына қабылдау тәртібі.
1) Оқушыларды Мектепке қабылдау «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын даярлауға ведомстволық бағыныстылығына қарамастан құжаттарды қабылдау және білім беру ұйымына қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
2) Оқушыларды Мектепке қабылдау тәртібі бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім алуға қабылдаудың Үлгі ережелері негізінде іске асырылады
3) Мектептің 1 сыныбына ағымдағы жылғы 1 қыркүйекте 6 жасқа толған балалар «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру мекемелеріне оқуға қабылдау Үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына сәйкес дайындық деңгейіне қарамастан қабылданады. Бірінші сыныпқа қабылдану үшін «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру жалпы білім беру бағдарламаларына оқыту үшін ведомстволық бағыныштылығына қарамастан білім беру мекемелерінде құжаттарды қабылдау және тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттар қажет.
4) Мектептің 5 - 9 сыныптарына шағын ауданның мектебіне бекітілген бастауыш білім беру деңгейін аяқтаған барлық балалар қабылданады.
5) Мектептің 10-11 сыныптарына білім алушыларды қабылдау білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып және оқушылардың жеке өтінішінің не олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші негізінде, сондай-ақ оқушының тұратын аумағын есепке алмағанда және негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының негізінде жүзеге асырылады.
6) Балаларды Мектепке қабылдау мектеп басшысының бұйрығымен ата -аналардың жазбаша өтінішінің негізінде жүзеге асырылады.
7) Мектепке оқуға түскен оқушылар және оның ата- аналары (заңды өкілдері) оқу барысын реттейтін мектептің Жарғысымен және басқа да Мектеп құжаттарымен таныстырылады.
22. Оқушыларды оқудан шығару тәртібі мен негіздемелері
1) Бiлiм беру ұйымынан 16 жасқа дейінгі балаларды ерекше жағдайларда бiлiм берудi басқару органдарының шешiмi бойынша, заңға қайшы әрекеттер жасағандығы, бiлiм беру ұйымының Жарғысын өрескел және бiрнеше рет бұзғандығы үшiн оқудан шығаруға рұқсат етіледі.
2) Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару шешімі қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімі негізінде қабылданады.
23. Білім беру ұйымының білім алушылары және олардың ата-аналарымен және заңды өкілдерімен қарым-қатынасты рәсімдеу тәртібі.
Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ата-аналары мен басқа заңды өкілдері құқылы:
1) баланың жеке және дара ерекшеліктеріне, қалауына сай білім беру мекемесін таңдауға құқылы;
2) ата-аналар комитеттері, қамқоршылық кеңес арқылы Мектепті басқару органдарының жүмыстарына қатысуға құқылы;
3) өз балаларының оқу үлгерімі, тәртібі, оқу жағдайы жайлы мәліметті алуға құқылы;
4) психологиялық – медициналық - педагогикалық кеңестерде өз балаларының оқу-тәрбие мәселелері бойынша кеңес алуға құқылы;
5) келісім шарт негізінде балалардың қосымша қызмет алуы құқығы бар.
Оқушылардың ата-аналары мен басқа заңды өкілдері міндетті:
1) балалардың оқуға, өмір сүруге қауіпсіз жағдайларын қалыптастыруға, физикалық және интеллектуалды дамуын қамтамасыз етуге, адами тұлғасын қалыптастыруға міндетті;
2) балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке беруді айқындай отырып, мектеп алды даярлығын қамтамасыз етуге;
3) білім беру мекемесінің Жарғысындағы ережелерді орындауға;
4) Мектептегі балалардың сабаққа қатысуын қамтамасыз етуге.
24. Педагогикалық қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері.
Мектептің педагогикалық қызметкерлерінің құқықтары:
1) кәсіби біліктілігін арттыруға жағдай жасауды қамтамасыз ету; 2) мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарын сақтау жағдайында, педагогикалық қызметті ұйымдастырудың түрлері мен тәсілдерін еркін таңдау;
3) ғылыми зерттеу тақырыбын және олардың нәтижелерін педагогикалық практикада қолдану формаларын ғылыми таңдау;
4) Мектепті басқару органдарының жұмысына қатысу; 5) өндірістен қол үзіп, бес жылда бір рет кемінде екі ай мерзім мөлшерінде өз біліктілігін арттыру;
6) өз дәрежесін көтеру мақсатында және қызметте өсу үшін мерзімінен бұрын аттестаттаудан өту;
7) ұзақтығы 56 күнтізбелік күн мөлшерінде ақылы демалыс алу;
8) жеке педагогикалық қызмет;
9) өзінің кәсіби ар –ожданын қорғау;
10) зияткерлік қабілетін қорғау; 11) Мектеп әкімшілігі шығарған бұйрықтар мен өкімдер бойынша арыз жасауға құқылы;
12) Педагогикалық қызметіндегі табыстары үшін қаржылай және моральды түрде марапатталуға; Мектептің педагогикалық қызметкерлерінің міндеттері:
1) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік және дағдылар алуын қамтамасыз ету;
2) оқушылар мен тәрбиенушілер жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету және шығармашылық қабілеттерін анықтау және қолдау көрсету;
3) өз біліктілігін арттыру; 4) педагогикалық әдеп нормаларын ұстану; 5)оқушылар мен тәрбиенушілерді сыйлау; 6)салауатты өмір салтын ұстану және оны оқушылар мен тәрбиеленушілер арасында насихаттау;
25. Ақылы білім беру қызметін ұсыну тәртібі мен қызметтер тізімі.
1) Мектептің ақылы қызмет көрсетудің тізбесі мен тәртібі қолданыстағы заңнамаға, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленеді. Мектепте мемлекеттік басқару органының келісімі бойынша қосымша ақылы білім беру және сауықтыру қызметтері жүйесі енгізіледі.
2) Мектеп жалпы оқыту, білім беру стандарттар талаптарынан тыс келесі тауарларды (қызметтерді, жұмыстарды) ҚР мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары заңнамасы шеңберінде ақылы қызметтерді көрсетуге құқылы:
-қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамыту, спорт, мәдениет және өнер саласындағы қызығушылықтар мен қабілеттердің дамуы, мамандардың біліктілігін арттыру);
- оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс оқу пәндері (пәндер және пәндер циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;
- оқушылардың пәндер бойынша (пәндер мен пәндер циклі) ғылым негіздерін терең оқуды ұйымдастыру;
- әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу: білім алушылар, педагог қызметкерлер мен ересек тұрғындар арасында спорттық жарыстар, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу және іске асыру;
-білім беру ұйымдарында өтетін әртүрлі іс-шараларға қатысушыларды, білім алушыларды тамақтандыруды қамтамасыз ету, жазғы демалысты ұйымдастыру
- кәсіптік білім беруді ұйымдастыру (техникалық қызмет көрсету және еңбек мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру);
3) Ақылы негізде қызмет көрсететін Мектептің және білім алушының, оның ата-анасының және өзге де заңды өкілдерінің өзара қарым-қатынасы шартпен реттеледі. Білім алушы шарт жасау кезінде білім алудың барлық кезеңіне шығыстарды мезгілді өтеген жағдайда шарт сомасы оқудың мерзімі аяқталғанға дейін өзгермейді. Оқыту үшін шығыстарды кезеңмен төлеу кезінде еңбек ақыға арналған шығыстар және инфляция индексі өскен жағдайда тараптардың келісімі бойынша төлем ақы көлемі жылына 1 рет өзгеруі мүмкін.
4) Ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсетуден алынған қаражат оқу жабдықтарын сатып алуға, тиісті дамыту ортасын құруға, Мектеп қызметкерлерін материалдық қолдауға жұмсалады.
4. Мектепті басқару
26. Мектепті жалпы басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
27. Тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Көкшетау қала әкімдігінің мектеп мүлкін, мемлекеттік негізгі қорлары мен айналымдағы қаражаттарды жедел түрде басқаруды бекіту;
2) Мектепті жеке қаржыландыру жоспарын бекіту;
3) Мектепке берілген мүліктердің тиімді пайдалануы мен сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
4) Мектепті басқару органдарының мерзімі мен тәртібін, құрылымын анықтайды, шешімдерін қабылдайды;
5) Мектепті басқаратын өкілетті органдардың қызмет ету мерзімін белгілеу, қалыптастыру тәртібін, құрылымын анықтау, шешім қабылдау тәртібін анықтау;
6) Мектептің шектеулі штаттық саны мене құрылымын бекіту;
7) Мектептің жылдық қаржылық есебін бекіту; 8) Мектепті қамтымасыз ететін сметаны бекіту; 9) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген басқа да қызмет түрлерін іске асыру.
28. Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті саланың өкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) Мектепті тікелей басқаратын директорды қызметке тағайындайды және босатады.
29. Директор Мектептің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың өкілетті органына тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және Мектепке жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
30. Директор бірегейлік принципке сүйенеді және Мектептің қызметіне қатысты мәселелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Жарлыққа сәйкес өз құзырлығы шеңберінде шешеді.
31. Директор Мектептің қызметіне қатысты мәселелерді Қазақстан Республикасының заңнамасының тәртібіне сәйкес шешеді:
1) мектеп атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдар және басқа мекемелерде мектептің өкілі болады;
3) келісімшарттарды жасайды;
4) сенімхаттарды береді;
5) іссапарлар, тәжірибе алмасу іссапарларының, тағылымдамалардың тәртібі мен жоспарларын және мектеп қызметкерлерін Қазақстандық және шетел оқу орындарында оқыту, біліктілігін арттыру;
6) баннктік шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар мен нұсқаулар береді;
8) мектеп қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды, ауыстырады және босатады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасының тәртібін сәйкес мектеп қызметкерлеріне марапаттау тәртіптік жазалау басқа да еңбек тәртіптерін бұзған үшін шаралар қолданады;
10) өзінің орынбасарлары мен басқа да қызметкерлерінің міндеттерін, өкілеттілігін анықтайды;
өкілетті орган мен жоғары тұрған білім беру органдардың шешімдерін, бұйырықтарын және өкімдерін орындайды;
11) мектептің Педагогикалық кеңесін басқарады;
12) демеуші кәсіпорындармен байланыс жасайды;
13) қаржылық шаруашылық қызметті бақылайды;
- заңмен жарғымен және өкілетті оганмен жүктелегн басқа қызмет түрлерін іске асырады.
14) Мектепте алқалық басқару органдары бар: Мектеп кеңесі, Педагогикалық кеңес, Ата-аналар комитеті мен Қамқоршылық кеңесі.
32. Мектептің саны бірдей санмен құрылған, оған мектептің оқытушылары, қызметкерлері, оқушылар мен олардың ата-аналары кіреді. Кеңес құрамына Гимназия мектебімен қызметтестік қатынаста болғысы келетін қоғамдық ұйымдар кіруі мүмкін. Мектептің құзырлығына гимназия –мектебінің оқу-тәрбие үдірісінің жалпы бағыттарын анықтау, Мектептің жұмыс тәрбиесін жасау, ішкі тәртіп Ережелерін жасау, ғимаратты қорғау, оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру, еңбек ұжымында болатын дау-жанжалдарды шешу, қосымша білім беру тәртібін ұсыну, әкімшілік пен педагогикалық есептерді тыңдау.
33. Мектептің педагогикалық кеңесі Мектептің әдістемелік басқаруды іске асырады және оқу бөлімінің меңгерушілері мен оқытушылары арасынан құрылады. Педагогикалық кеңесті Мектеп директоры басқарады. Педагогикалық кеңес оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді, педагогикалық қызметтің негізгі бағыттарын (формалар, әдістер мен тәсілдер) анықтайды, жеке оқу жоспарларын бекітеді, оқушылардың үлгерімін, оқушылардың мінез-құлқы мен аттестаттау мәселелерін, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін көтеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, озық тәжірибелерді тарату, педагогикалық қызметкерлерді марапаттауды ұсынады, педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселелерін шешеді.
34. Ата-аналар комитеті бір жыл мерзімге жалпы мектептік ата-аналар жиналысында тағайындалады. Комитет құрамындағы мүшелер саны ата-аналар жиналысында сыныптардың санының есерілуімен ата-аналардың, басқа заңды өкілдерінің шешімімен жасалады. Ата-аналар комитетінің мүшелері: директор мен педагогикалық кеңестің қарауына мәселелерді ұсынады, мектептің тәрбие жұмысын жақсарту сынып жетекшілерінің ұсыныстары қарастырады, оқушылардың жаман қылықтары мен тәртіп бұзушылықтарын болдырмау жұмыстарын атқарады, оқушылардың денсаулығы сақтауды мен тамақтануды ұйымдастырады.
35. Қамқоршылық кеңесі білім беру саласында өкілетті органының шешімімен құрылады. Келесі қызметтерді атқарады: мектептің Жарғысында өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар жасау; Мектеп дамуының басым бағыттары бойынша ұсыныстар жасау; Мектептің оқыту –тәрбиелеу, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметті мәселелері бойынша ұсыныстарды қарау және дайындау, білім беру әдістемелерін жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, сонымен қатар оқулықтармен қамтамасыз ету мәселелері; Мектепке Мектептің жарғылық мақсатын жүзеге асыруға көмектесу сонымен қатар білім алушыларға және педагогикалық ұжымға білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға арналған қажетті жағдай жасау; демеушілік, қолдаушылық және басқа да көмектерді үлестіру; Мектеп бюджетінің жобасын анықтау алдын ала қарап ұсыныстар жасап келісу және қалыптастыру; Мектеп қызметі туралы Мектеп басшысы және оның орынбасарларының жұмыс туралы есебін тыңдау; жұмыскерлерге, қосымша қаражат көздерінен қарастырылған қаражат көлемінде Мектеп басшысына, оның орынбасарларына, бас бухгалтерге лауазымдық қызмет ақыларына үстемақы, сыйлыақы және материалдық көмек көрсету; Мектептің құрылымдық бөлімшелерін құру немесе жабу туралы ұсыныстар енгізу. Қамқоршылық кеңес мүшесінің талабы бойынша мектептің жұмыскерлері (құрылымдық бөлімшелері) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне қатысты тұрақты бойынша мәліметтерді беріп тұруға міндетті.
5. Мектептің мүлкін қалыптастыру тәртібі
36. Мектептің мүлігі заң тұлғасының активтерінен құралады, олардың құны мектеп балансында көрінеді. Мектептің мүлігі мыналар арқылы қалыптасады:
1) жеке меншік иеленушінің берген мүлігі;
2) өз бетімен іскерлік арқылы тапқан мүлігі(ақшалай табысты есептегенде);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа табыс көздері.
37. Мектептің смета арқылы берілген қаражатына алынған мүліктерді сатуға сыйлауға құқығы жоқ.
38. Қазақстан Республикасының заңдарында Мектепке табыс әкелетін іскерлікті жүргізуге құқығы болса, сол іскерліктен болған ақша тиісті бюджетке есепке алынады;
39. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен Мектепке кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған ақша тиісті бюджетке аударылуға жатады. 40. Жетекші органның Мектепке берілген мүлкі оған жедел басқару құқығында, мемлекеттік комуналдық меншікке жатады. Мектеп оны иеленіп басқару құқылы.
41. Мектеппен бюджеттік қаражаттар арқылы іске асырылған әрекеттерінен түскен мүліктер мектептің балансында тіркеліп, мемлекеттік меншікке жатады. Мектеп өз алдына осы мүліктерді пайдалануға құқығы жок. 42. Мектеп бухгалтерлік есеп жүргізуге және ҚР «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» заңдарына, бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру бойынша ҚР басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүргізуге міндетті.
43. Мектептің қаржылық-шаруашылық іскерлікті тексеру мен ревизия жасау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілетті органмен өткізіледі.
6.Мектептің жұмыс тәртібі.
44. Мектептің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі ережелерімен бекітіледі және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
45. Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды Құрылтайшы енгізеді.
8. Мектепті қайта ұйымдастыру және тарату.
46. Мектепті қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі.
47.Таратылған Мектептің кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлкін Құрылтайшы қайта бөледі.
48.Таратылған Мектептің несие берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған ақшасы Мектептің мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.