2019 - 2020 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 129 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 20324 болып тіркелді
1. Оқу жылын аяқтаудың мынадай мерзімдері белгіленсін:
2. 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай мерзімдерде өткізіледі:
2) математикадан жазбаша емтихан (алгебра) - 2020 жылғы 30 мамыр;
3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан - 2020 жылғы 2 маусым;
4) таңдау пәні бойынша (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/ француз/ неміс), информатика) жазбаша емтихан - 2020 жылғы 5 маусым.
3. 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай мерзімдерде өткізіледі:
1) ана тілі және әдебиеті (оқыту тілі) бойынша эссе түрінде жазбаша емтихан - 2020 жылғы 28 мамыр;
2) орыс/ өзбек/ ұйғыр/ тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілі бойынша және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі бойынша тестілеу - 2020 жылғы 1 маусым;
3) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан - 2020 жылғы 3 маусым;
4) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан -2020 жылғы 6 маусым;
5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын/ француз/ неміс), информатика) тестілеу - 2020 жылғы 8 маусым.
4. Білім алушыларды қайта қорытынды аттестаттау 2020 жылғы 10-30 маусым аралығында өткізіледі.
5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті:
1) 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін емтихан тапсырмаларының пакеттерін дайындауды және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларына, сондай-ақ республикалық орта білім беру ұйымдарындағы 9 (10) және 11 (12) сыныптарының білім алушылары үшін 2020 жылғы 23 мамырға дейін жеткізуді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ш.Т. Кариноваға жүктелсін.
7. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
А. Аймагамбетов |