Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы №177 бұйрығы және Ақмола облысы білім басқармасының 2020 жылғы 5 мамырдағы №91 бұйрығының негізінде, меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, орта білім беру ұйымдарында 2019-2020 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Жалпы білім беретін күндізгі және кешкі (кезекті) оқу орындарының барлық түрлеріндегі мектепалды, 1-11 сыныптарда оқу сабақтары 2020 жылғы 25 мамырда аяқталсын;
2. Қорытынды аттестаттауды:
1) 9 және 11 - сыныптардың білім алушылары тапсырмайды, аттестат ағымдағы оқу жылының жылдық бағалары негізінде беріледі;
2) экстернат нысанында оқитындар қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, тоқсан бойынша жиынтық бағалау нысанында тапсырады;
3) шетелге оқуға түсу үшін кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда, растайтын құжаттарын ұсынған 9-11 сыныптардың бітірушілері қашықтан білім беру технологияларын қолданумен онлайн режимінде қорытынды бітіру емтихандары және мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында тапсырады;
4) халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға баратын және сол жақта білім беру мекемелерін аяқтайтын бітірушілер 11 сынып үшін 10 сыныптағы жылдық бағасын ескере отырып, оқыған елдегі ағымдағы бағаларының негізінде тапсырады.
3. Білім беру ұйымдарының басшылары:
- 2019-2020 оқу жылын осы бұйрықтың талаптарына, «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік Қағидаларына сәйкес аяқтауды қамтамасыз етсін.
5. Жалпы орта білім беру секторының меңгерушісі (А.Мусина), осы бұйрықты білім беру ұйымдарының басшыларының назарына жеткізіп, оның орындалуын қамтамасыз етсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Білім бөлімі басшысының м.а. Д.Башарова
Исп.:А.Мусина
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы №177 бұйрығының негізінде, сондай-ақ меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, орта білім беру ұйымдарында 2019-2020 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Жалпы білім беретін күндізгі және кешкі (кезекті) оқу орындарының барлық түрлеріндегі мектепалды, 1-11 (12) сыныптарда оқу сабақтары 2020 жылғы 25 мамырда аяқталсын;
2. Қорытынды аттестаттауды:
1) 9 (10) және 11 (12) - сыныптардың білім алушылары тапсырмайды, аттестат ағымдағы оқу жылының жылдық бағалары негізінде беріледі;
2) экстернат нысанында оқитындар қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, тоқсан бойынша жиынтық бағалау нысанында тапсырады;
3) шетелге оқуға түсу үшін кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда, растайтын құжаттарын ұсынған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың бітірушілері қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып онлайн режимінде қорытынды бітіру емтихандары және мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында тапсырады;
4) халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға баратын және сол жақта білім беру мекемелерін аяқтайтын 11 (12) сыныпты бітірушілер 11 (12) сынып үшін 10 сыныптағы жылдық бағасын ескере отырып оқыған елдегі ағымдағы бағаларының негізінде тапсырады.
3. Аудандық, қалалық білім бөлімі басшылары, ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарының басшылары:
- 2019-2020 оқу жылын осы бұйрықтың талаптарына, «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191болып тіркелген) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидалары сәйкес аяқтауды қамтамасыз етсін.
5. Жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы (А.Т.Сүлейменова), облыстық оқу-әдістемелік кабинеттің директоры (Ж.Баймакова) осы бұйрықты аудандық, қалалық білім бөлімі басшылары, ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарының басшыларының назарына жеткізіп, оның орындалуын қамтамасыз етсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім басқармасы басшысының орынбасары Б. Дүйсеноваға жүктелсін.
Ақмола облысы білім
басқармасының басшысы Б.Жүсіпов