АТА-АНАНЫҢ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚАМҚОР БОЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ.
БІРІНШІ ЕРЕЖЕ: Жасөспірімнің сабақ оқу режимін ата-ананың өзі бақылауға алуы және шамадан тыс артық күш жұмсауға жол бермеуі тиіс.
ЕКІНШІ ЕРЕЖЕ: Сабақ оқу үшін ыңғайлы орын ұйымдастыру және үйдегілердің ешқайсысы (әпке-қарындас, аға-іні, ата-әже) жасөспірімге сабаққа дайындалуға кедергі жасамауын қадағалау міндеті ата-ананың мойнында.
ҮШІНШІ ЕРЕЖЕ: Жасөспірімнің тамақтануына ерекше көңіл бөлу.
Ақыл-ойға қарқынды күш салу кезінде, оған құнарлы, алуан түрлі тағам мен дәрумендердің үйлестірілген кешені қажет.
Балық, ірімшік, жаңғақ, кептірілген өрік секілді тағамдар бас миының жұмысын жандандырады және оқу материалын меңгеруді жеңілдетеді.
ТӨРТІНШІ ЕРЕЖЕ: Шаршау көп жағдайда сабақтардың тынығумен алмастырылмауынан туындайды. Ата-ана жасөспірімге үйреншікті 40-45 минут сабақтан соң (мектептегі сабақтың ұзақтығы), дәл сондай үйреншікті 10 минуттық үзіліс жасау қажет екенін айтып отыруы керек.
Бұл уақытта жүрек жалғап алуға, терезе сыртындағы әсем табиғатты тамашалауға, аздаған жаттығу жасауға немесе душ қабылдауға болады.
БЕСІНШІ ЕРЕЖЕ: Емтихан алдында жасөспірімнің «титықтағанша» оқу талпынысын қатаң түрде тоқтату қажет (егер сондай жағдайлар болса).
Білімді «шыңдау» үшін қажет деп айтылып жүрген «емтихан алдындағы түн», шын мәнінде шындыққа жанаспайды.
Сондықтан ата-аналар жасөспірімді тыныштандыру және оның тынығып, ұйқысын әбден қандырып алуы үшін, оған толыққанды демалысты қамтамасыз етуі тиіс.
АЛТЫНШЫ ЕРЕЖЕ: Жасөспірім ата-анасының эмоционалдық күйін асқан сезімталдықпен ұғынатынын және оған эмоционалды түрде жауап қататынын ұмытпау қажет.
ЖЕТІНШІ ЕРЕЖЕ: Ата-аналар олардың талаптары мен үміттері жасөспірімнің мүмкіндіктерімен қаншалықты үйлесетіні жайлы ойлануы керек.
Жасөспірімді мектептегі жаппай жетістіктерге бағдарлаудың қажеті жоқ.
Одан гөрі оған жоғары бағаларды оп-оңай ала алатын пәндерді анықтауға көмектесіңіз.
СЕГІЗІНШІ ЕРЕЖЕ: Егер жасөспірім барынша тырысса және сабаққа көп күш салса, мақтауға сараң болмаңыз.
Тіпті егер ҰБТ жоғары бағамен аяқталмаса да, жасөспірім ата-анасы үшін оның тырысуы мен жетістікке жетуге деген ынтасы маңызды екенін білетін болады.
Балаңыздың жетістіктерін басқа балалардың жетістіктерімен салыстырудың қажеті жоқ!
Оның жеке жеңістеріне, оның кешегі күнмен салыстырғанда бүгін қандай табыстарға қол жеткізгеніне назар аударған жөн.
Ең жоғарғы балл жинағаны үшін тым масайраудың да, төмен балл жинағаны үшін «қайғыға берілудің» де жөні жоқ.