"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

https://5bf7b0e5a2a6410bb6e81a7b0671f873.elf.site
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Батырлардың тұйғыны, ғалымдардың жүйрігі» атты әдеби кеш өтті

Қараша айының 16-сы күні №2 Красный Яр орта мектебінде Кеңес Одағының батыры, педагог, қазақ әдебиетіндегі рухани асыл қазынаның зерттеушісі, фольклортанушы - Мәлік Ғабдоллаұлы Ғабдуллиннің туған күніне орай «Батырлардың тұйғыны, ғалымдардың жүйрігі» атты әдеби кеш өтті. Кешке арнайы М.Ғабдуллин атындағы мұражайдан аға қызметкерлер шақырылып, көрме ұйымдастырылды. Аға қызметкерлер Қажыбай Жаннат Жаңбырбайқызы, Омаров Бейсенбай Қайырбекұлы аталмыш іс-шараның көркін ашты. Олар М.Ғабдоллаұлының өмірінен қысқаша мәлімет беріп, жылжымалы көрмелерімен таныстырып, бейнефильмдер көрсетті. Оқушылар кейіпкер өмірінен қонақтарымызға сұрақтар қойып, қызығушылықтарын танытты. 

https://www.instagram.com/p/BqSbS1jBcZ-/?utm_source=ig_share_sheet&igshid=1etwij4h5ev63

Жаңартылған күні: 04.04.2019 15:05
Құрылған күні: 11.05.2020 10:08

Текст