Текст
Қараша айының 14-сі, №2 Красный Яр орта мектебінде «Латын ғарпіне көшу» тақырыбында жалпыхалықтық диктант жазу іс-шарасы өткізілді. Диктантқа барлығы 168 адам, яғни ұстаздар, ата-аналар және 15 жастан асқан оқушылар қатысты. Диктант аудио мәтінді тыңдау арқылы жазылды. Ұстаздар мен ата-аналар, және оқушылар тарапынан латын ғаріпінде алғашқы рет мәтін жазу қатты қызығушылық туғызды. Жазу барысында жақсы әсер алғандарын, болашақта латын ғарпінің қолданысқа енуіне еш кедергі болмайтынын сөз етті.
https://www.instagram.com/p/BqKWAEwhi8s/?utm_source=ig_share_sheet&igshid=r135ldnsfmat