"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұлттық олимпиада «Мың бала»

30.03.2021

Құрметті Ақмола облысының оқушылары!!!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы Қорының "ел Үміті" бастамасын іске асыру бастамасы шеңберінде өткізілетін "Мың бала"ұлттық Олимпиадасына қатысуға шақырамыз.
"Мың бала" ұлттық олимпиадасы өз құрдастарымен табысты бәсекелесе отырып, еліміздің үздік мектептерінде оқуға мүмкіндік беру үшін ауылдық жерлерден 5 және 6 сыныптардың 1000 ең қабілетті оқушыларын анықтайды.
Бұл олимпиадаға ауылдық жерлерде соңғы екі жыл тұратын 5 және 6 сынып оқушылары қатыса алады. Олимпиадаға бұрын қатысқан ауыл мектептерінің 6-сынып оқушылары қатысуға қайта өтініш беруге құқылы.
"Мың бала" Олимпиадасына қатысу қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған 1000 жеңімпазға дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқыту ұсынылады. "Мың бала" олимпиадасының барлық қатысушыларына одан әрі оқу және дағдыларын дамыту үшін "Ел Үміті" дамытушы онлайн-платформасында курстарға тегін қолжетімділік беріледі.
Назар аударыңыз! Қатысушыларды тіркеу ағымдағы жылдың 24 наурызына дейін сайтта жүргізіледі 1000bala.elbasyacademy.kz
8 800 080 48 48 нөміріне қоңырау шалу арқылы сұрақтар қоюға болады (қоңырау шалу тегін).
2020 жылы олимпиаданың қорытынды кезеңінің қорытындысы бойынша Ақмола облысының 83 оқушысы жеңімпаз атанды. Оның ішінде 5 сынып-49 оқушы, 6 сынып-34 оқушы. 6-сыныптың 34 жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің 1-і Алматы қаласының Республикалық физика-математика мектебіне, 3-і Көкшетау, Петропавл және Қарағанды қалаларының "Білім-инновация" лицейлеріне, 13-і ҚР Білім және ғылым министрлігінің квоталарына сәйкес дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерге қабылданды.

Просмотров: 352


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

https://5bf7b0e5a2a6410bb6e81a7b0671f873.elf.site

16.09.2024 күні 5-8 сыныбында «Буллингтен қорған» атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: - балалардың қорлау, психологиялық зорлық-зомбылық сияқты ұғымдарға теріс көзқарасын қалыптастыру; - қорқыту жағдайларынан шығу жолдарын табу қабілетін дамыту; - құрбылар

Ұйымдар тізімі
Текст