Портал білім ұйымдарымен ҚР ғылым және білім Министрлігінің 2016ж.29.08 бұйрығы негізінде жұмыс істейді.№536 «Пилоттық» жобаны енгізу туралы «Күнделік» ҚР білім беру ұйымдарында оқушыларға арналған күнделік және электрондық журнал бірыңғай ақпараттық жүйесі».
«Күнделік» тегін болып есептеледі. «Kundelik.kz» сайтын қолдануға абоненттік ақы алынбайды. Ата-анаға тегін Kundelik.kz сайтына-өзінің жеке логины мен құпия сөзі арқылы кіруге мүмкіндік бар, баланың электрондык күнделігіне «Балалар» бөлімінде - «Күнделік», бағаны және үй жұмысын білу. Сайтты қолдану үшін мектептерден ақы алынбайды.
«Kundelik.kz» сайты және қолданушылардың барлық мәліметтері ҚР аумағында жабық түрде қорғалған датаорталықта орналасқан, ақпараттық –есептеуіш ресурстарда, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік ақпараттық жүйе операторларына тиесілі және ҚР ғылым және білім Министрлігінің ММ бекітілген. Қолданушылардың барлық мәліметтері ҚР ғылым және білім Министрлігінің тікелей бақылауында болды.
«Kundelik.kz» сайты жүйесіне сырттай кіруге рұқсат жоқ, деректемелерге қол «Күнделік жетімділік жоқ. Түсіндіру жұмыстары мақсатында ата-аналар және оқушылардың жиі кездесетін сұрақтары алынды:
Қалай тіркелуге болады? Жүйеге қалай кіруге болады?
Логин мен құпиясөзді алуға оқушылар мен ата-аналарға мектеп қызметкеріне, осы жүйені мәліметтермен толықтыратын жауапты адамға, яғни әкімшіге бару керек. Егер әкімші туралы ақпарат болмаса, онда мәліметтер алуға сынып жетекшісіне жолығу керек. Жүйе туралы нұсқаулық мына жалпы қолжетімді қолдау порталында: https://help.kundelik.kz/hc/ru/articles/217862948
Бағаларды, үй жұмысын және сабақ кестесін қалай қарау керек?
Оқушыға оқу ақпаратына көшуге навигациялық жолда экранның жоғары жағында «Білім» бөлімін таңдау керек, кейін-«Күнделік».
Ата-анада навигациялық жолда «Балалар» бөлімі бар.Осы сілтемені басу арқылы барлық мәліметтер бар бетті кездестіреді.
«Күнделік» сілтемесі арқылы қолжетімді:
-күнделік(сабақтар туралы ақпарат,бағалар және ағымдағы апта бойынша үй жұмысы);
-статистика(жіктелген бағалар саны («5», «4», «3», «2»)оқытылатын пәндер бойынша есептік кезеңде және жақсы бағалар пайызы);
-пәндер бойынша статистика(бағалар бойынша жиынтық ақпарат, есептік кезең және таңдалған пән бойынша);
-семестрлар бойынша статистика/тоқсандар/триместрлар(барлық қорытынды бағалардың жиынтық ведомосі,осы уақытта қойылған).
Үй жұмысы аттас «Үй жұмысы» бөлімінде берілген, ал сабақ кестесін және қоңыраулар кестесін «Кесте» бөлімінен табуға болады.