Текст
№ 2 Красный Яр орта мектебінің бастауыш сыныптары 26.10.17 ж. ата-аналар және қонақтар үшін өз есіктерін айқара ашты. Мектепте Ашық есік күні өтті. Ата-аналарға балаларының сабақтарына қатысуларына мүмкіндік берілді. Сабақтар АКТ қолданумен өткізілді. Әрбір сабақ өзінше қызықты болды. Мұғалімдер 100% жұмыстарын атқарды.
Осындай іс-шаралар мектепке ата-аналармен жақсы қарым-қатынас жасауға және ата-аналар қауымымен байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.