Текст
Ақмола облысы Көкшетау қаласы бойынша «Шаңырақ» қоғамының ұымдастыруымен 2017 жылдың 19 қыркүйек күні қалалық мектеп оқушыларын Астана қаласына бір күндік саяхатқа апарып келді. Әр мектептен 3-5 оқушылардан барып саяхатты қызықтады. Жауапты мұғалімдер бекітіліп, балалармен бірге болды. Саяхат барысында Қазақстан Республикасының Ұлттың мұражайын қызықтады. «Keruen City» балалар сауықтыру орталағында балаларға тәтті сыйлықтар таратылып, мультфильмдер көрсетілді, аниматорлар болды. Балалардың көңілінен шығып барлық жағынан ұнап, балалар көңілді оралды.