"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Бастауыш сынып апталығы (3 күн)

18.04.2017

1 «А» сыныпта  дүниетану  пәнінен  ашық  сабақ өтті мұғалімі Мугжанова Жанар Тегисовна.

Сабақтың тақырыбы: Ертеде қалай тамақтанған.

Сабақта оқушылар Месопотамия деп аталатын мекемеге саяхат жасады. Мұғалім сабақта әр түрлі әдіс- тәсілдерді шеберлікпен қолдана білді. Оқушылар картамен де. дәпрермен де жұмыс жасай алды. Өздіктерінен ізденіп көпт еген  қызықты мәліметтерді де меңгерді. Ботқалардың қандай пайдасы барын білді. Дәнді- дақылдарды пайдалана отырып  композиция жасады.Сабақ соңында  « Кемені боя» атты кері байланыс  өткізілді.

3 «Ә» сынып  оқушыларын да  қазақ тілінен ашық сабақ өтті мұғалімі:Мажикова Салтанат Сансызбаевна.

Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім.

Сабақ өте қызықты өтті. Сабақта әр –түрлі әдіс –тәсілдер қолданылды. Сабақта оқушылар түстер арқылы екі топқа бөлінді.  Бірінші топ-  «Алғырлар»,екінші топ- «Білгірлер». Сабақта «Миға шабуыл» , «Шығармашылық  әлемінде», терме диктант, постер қорғау т.б стратегиялар қолданылды. Топпен жұмыс, жұппенжұмыс және жеке жұмыс істеу білуі арқылы  әр оқушы топ басшымен бағаланды..Сабақ соңында  «Тілек ағашы» атты кері байланыс жасалды.

Сыныптан тыс іс шараны мектеп кітапханашысы Тлеубаева Карагоз апай 3 –ші  сынып оқушыларының арасында «Әдеби лото» атты қызықты  сұрақ-жауап ойының өткізді. Оқушыларға ойын ережелері таныстырылып, әр оқушының жеңімпаз атануына мүмкүндік туды. Әр ойыншы өзіне ұнаған секторға қатысты ұяшықты таңдай отыра ұпай жинауға кірісті.Ойын соңында ойыншылардың ұпайлары есептеліп ойынның жеңімпазы да анықталды.Ойын өте қызықты да көңілді өтті. Оқушылар мақал-мәтелдерді,жұмбақтарды,ертегілерді,әндерді және  логикалық есептер  мен ережелерді естеріне алды.

Просмотров: 331


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

https://5bf7b0e5a2a6410bb6e81a7b0671f873.elf.site

16.09.2024 күні 5-8 сыныбында «Буллингтен қорған» атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: - балалардың қорлау, психологиялық зорлық-зомбылық сияқты ұғымдарға теріс көзқарасын қалыптастыру; - қорқыту жағдайларынан шығу жолдарын табу қабілетін дамыту; - құрбылар

Ұйымдар тізімі
Текст