Сәуір 1 апта
Сәуірдің бірінші аптасында №2 КОМ 1-5 сыныптың оқушылар арасында «Кішкентай бауырларға көмек» акциясы өткізілді.
Акцияның мақсаты: балалардың жануарларға сүйіспеншіліктерін, қайырымдылықтарын ояту, жауапкершілікпен қарауға үйрету.
Біздің ұранымыз: «Қолға үйреткен жануарлар үшін жауаптымыз».
Олар өз қолдарымен құстарға жемсауыт жасап, мұғалімдерімен бірге үйсіз қалған жануарларды тамақтандырды. Жануарларға қамқорлықпен, жауапкершілікпен қарау, балалардың тәрбиесіне деген тигізер үлесі мол. Бірақ, әр бала жануарлармен қарым-қатынас жасауда қарапайым ережелерді білу керек: жануарлардың артынан баруға болмайды; ит пен мысықтың мұрнына, құлағына тиісуге болмайды; тұмсықтарына үрлеуге болмайды; ұзақ және көз алмай иттердің көзіне қарауға болмайды; жануарларды қолға алғаннан кейін міндетті түрде қол жуу керек. Үстел басына алмау керек, оларды тек жақсы көру керек!