Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан- жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу мемлекеттік маңызды іс. Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жан-жақты жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәнімен оның проблемаларын күрделендіріп отыр. Осыған байланысты білім берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты- барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан- жақты қалыптастыру.
Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері білім мен тәрбие беру тұжырымдамасында негізгі орын алады. Сонда: «Жеке тұлғаның қалыптасуы- үздіксіз күрделі процесс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескеріп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл- ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу»,- деп атап көрсетіп, мектеп алдындағы міндеттердің бірі етіп қояды.
Жеке тұлғаны дамыту мәселелері- Л.С.Выготскийдің, М.Б.Блонскийдің, С.Л.Рубинштейннің, Л.В.Занковтың, Д.В.Элькониннің еңбектерінің негізгі арқауы.
Оқушылардың тарихи ой-өрісін дамыту үшін , мен тарих сабағында бірнеше әдіс-тәсілдермен пайдаланамын:
- проблемалық тапсырмалар пікірталас; кескін карталар, атлас тапсырмалары; шығармалық тапсырмалар; тарихи есептер шығару; тарихи
құжаттарды, кестелерді талдау
Сабақтың әр кезеңінде, проблемалық тапсырмаларды қоюға болады, ол сабақтың мақсатына байланысты. Мысалы, жаңа сабақтың алдында:
1. Кенесары көтерілісінің себептерін көрсету.
2. Көтерілістін ерекшкліктерін анықтау.
3. Кенесарының кезіндегі мемлекетке сипаттама беру.
4. Көтерілістін жеңілу себептерін анықтау.
Сабақтың алдында сынып бірнеше топқа бөлінеді, балалардың санына қарай. Тапсырмалар даму деңгеі бойынша бөлінеді:
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту
І - деңгей Кім? Не? |
ІІ - деңгей Қалай? |
ІІІ–деңгей Неліктен? |
ІV - деңгей |
Бұл деңгейде оқушы өзінің алған білімдері арқылы нәтижеге жетуге тырысады. Бұрынғы алған білімдерін пайдаланады.Тапсырмалар да қарапайым әрі жеңіл болады.Бұл деңгейдегі тапсырмаларды бәрі орындауға міндетті. - Дұрыстық - Толықтық
|
Бұл деңгейде мақсат пен шешілуге тиісті ситуация анық, оқушы мақсатқа жету үшін өз бетімен жұмыс істейді. - Әрекеттілік - Тереңдік - Икемділік
|
Мақсат анық,ситуация түсініксіз әрі күрделі. Оқушы оны өзі толықтырады,табады,шешеді.Оқушы жаңа хабарды, білімді өз ізденісімен алады. Бұл деңгей –өнімді деңгей - Жүйелік - Түсініктестік - Тұрақтылық
|
Шығармашылық деңгей-мақсат жалпылама,анық емес.Оқушы оны анықтайды,жаңа нәрсе табады. Өз бетінше жаңа дүние әкеледі. Мысалы: шығарма жазу,өлең жазу,трек-схемалар сызу,кестелер сызу. |
Қазақстан тарихы, 7 сынып, «Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы» сабағында деңгейлік тапсырмалар берілген.
І деңгей Тест
1. Орта ғасырлардың ІІ жартысында Қазақстанда неше қала болды?
А) 30 В) 35 С) 37 Д)75
2. 30 га асқан қалаларды ата?
А) Отырар В) Бұхар С) Харлуг Д) Тараз
3. Ташнау дегеніміз не?
А) Мал қора В) Пеш С) Құбырдың қарапайым түрі (канализация) Д) Ошақ
4. Қыш құмыра жасайтын шеберханалар қай қалаларда табылды?
А) Құйрықтөбе, Отырар, Талғар В) Яасы, Түркістан, Сайрам, Сауран С) Дүнген, Испиджаб Д) Фараб, Сүткент, Шаш
5. Орта ғасырларда сүйектен не жасалған?
А) Шахмат тақталары, түйреуіш В) Моншақ С) Ат әбзелдері Д) Желім
ІІ деңгей сұрақтары
1. Зергерлік кәсіп қолөнердің түріне не себепті жатады?
2. Айырбас неліктен саудаға енді?
3. Отырықшылық мәдениетінің ерекшелігі неде?
4. Қыш құмыра мен шыны жасау кәісібінің айырмашылығы неде?
ІІІ деңгей сұрақтары
1.Орта ғасыр қалаларының жалпы ерекшелігіне эссе жаз.
2. “Қоржын үйге” сипаттама бер.
3. Зергердің өнері туралы зергермен әңгіме құр, диалог жаса.
Жаңа сабақтың алдында оқушылардың осы тақырып бойынша білім деңгейін анықтау үшін және қызықтыру үшін тапсырмалар беріледі.
Мысалы:
«ІІ дүниежүзі соғысы», 9 сынып - ІІ дүниежүзілік соғыс бойынша не білесіндер? Қалай ойласындар, 60 жылдан артық болған соғысты бізге білуге қажетпе? Дәптерлеріне осы тақырып бойынша білгендерінді жазындар.
«Білем. Не білгім келеді.Жаңалық үйрендім» кесте толтырылады:
Білем |
Не білгім келеді |
Жаңалық үйрендім |
|
|
|
Сын тұрғысынан ойлау жобасының әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Дәстүрлі білім беру кезіндегі оқушыны сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда нәти-жесі жақсы болды.Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
Жаңа буын оқулықтарын оқытуда дамыта оқыту технологиясын қолдану дегеніміз- келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан- жақты білім алуына, белсенді, шығармашық болуына жағдай жасау, жеке тұлғаны дамыту.
Жеке тұлғаның бойындағы қабілетін ашу- одан әрі жетілдіру дамыта оқытудың негізінде зерттеушілік білігін және оңтайлы шешімін қабылдауға ынталандыру арқылы баланың бойына еркіндік, мақсаткерлік, ар- намыс, мақтаныш- сезім, дербестік, адамгершілік, еңбек сүйгіштік, белсенділік, өз пікірін сапалы, шебер ортаға сала білу сияқты оқыта отырып, жалпы дамытуды үнемі сабақта жүйелі жүзеге асырғанда жан- жақты гармониялық даму үшін негіз жасалды.
Білім берудің қазіргі жаңа құрылымымен оқу-әдістемелік мазмұнының өзгеруі- мұғалімнің өз кәсіби шеберліктерін шыңдауды, жаңартуды талап етеді. Ел президенті Н.Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткеніндей инновациялық әдіс- тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты.