Текст
2017 ж 2 ақпанында № 2 Красный Яр орта мектебінде «Өзін-өзі тану» пәні бойынша онкүндік басталды. Онкүндік өткізуге іс-шаралар жоспары құрылып, сол жоспар бойынша 2 ақпан «Махаббат және Шығармашылық педагогикасы» атты жалпы мектепшілік саптүзеумен өзін-өзі тану онкүндігінің салтанатты ашылуы басталды. Бұл онкүндіктің мақсаты оқушыларға «Өзін-өзі тану» пәні арқылы рухани-адамгершілік тәрбие мен білім беру, сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, нәзіктікке, мейірімді болуға тәрбиелеу.