"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

«Өзін-өзі тану: «Махаббат және Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі

02.03.2018

№ 2 Красный Яр орта мектебінде 1-12  ақпан аралығында «Өзін-өзі тану»  пәні  бойынша  онкүндік  іс-шарасы ұйымдастырылды. Онкүндіктің  жоспары бекітіліп, сол  жоспар  негізінде жұмыстар атқарылды.  

Бұл  онкүндіктің  мақсаты оқушыларға «Өзін-өзі тану»  пәні  арқылы  рухани-адамгершілік  тәрбие  мен  білім  беру, сүйіспеншілікке,   сезімталдыққа, нәзіктікке, мейірімді  болуға тәрбиелеу. 

0-4 сыныптар арасында  «Ана», «Бейбітшілік»,  «Достық», «Мейірімділік» туралы «Мейірімділік пен махаббат әлемі» тақырыбында сурет  көрмесі, мектеп  кітапханасында «Мейірім төгетін ана»  атты  кітаптар  көрмесі 

ұйымдастырылды.   Мектеп кітапханашысы Қ.У.Тлеубаева оқушыларды 

кітап көрмесімен таныстырды. 2-7 сынып оқушылар арасында «Алтын   жүрек  анамыз» атты   мәнерлеп оқу   сайысы  өтті. Оқушылар   аналарына  арналған  өлең  шумақтарын  мәнерлеп, нақышына  келтіріп орындады. Сайыс жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталды.

Бірінші орынға ие болған балалар:

2 «А» сынып оқушысы - Хасен Ұлан,  

2 «Б» сынып оқушысы - Исаиенко Никита,

3 «В» сынып оқушысы - Кислюк Ева,

7 «А» сынып оқушысы - Қайырбекқызы Бибінұр.  

Екінші орын:

2 «А» сынып оқушысы- Токушева Дильназ,

2 «А» сынып оқушысы - Есимсейітова Дильназ,

2 «Б» сынып оқушысы - Норин Егор,

3 «А» сынып оқушысы - Мухамеджанова Аяжан,

3 «В» сынып оқушысы Рахимов Евгений, 

5 «А» сынып оқушысы - Накыпова Амина,

6 «А» сынып оқушысы - Сайран Айдана.

Үшінші орын:

2 «В» сынып оқушысы - Балтабаева Риза,

2 «В» сынып оқушысы - Тен София,

4 «Б» сынып оқушысы - Брян Дмитрий,

4 «В» сынып оқушысы - Ганзен Яна.

Жоғары сынып оқушылар арасында адамгершілікке, қайырымдылыққа деген  оң  көзқарасын  қалыптастыру  мақсатында    «Мейірімді жүрек»  тақырыбында пікірталас  өткізілді. Апта бойы өзін-өзі тану мұғалімдері «Дос болуды үйренейік», «Мейірімділікке баулу», «Мейірімділік – асыл қасиет», «Жомарттық пен кеңпейілділік», «Батылдық пен өжеттік», «Адал өмір сүру» тақырыптарында ашық  сабақтар өткізді.

Сондай-ақ апта бойы «Жүректен-жүрекке» қайырымдылық іс-шаралары жүргізілді. Балаларға тәтті сыйлықтармен, киім-кешектерт аратылды. Қайырымдылық іс-шараға белсенділік танытқан сыныптар 1«А», 1«В», 4«Б», 5«Б», 8«А».

Ақпанның 12 күні аталмыш іс-шараның онкүндігі аяқталып,  атсалысқан  оқушылар мадақталды.

 

 

 

Просмотров: 339


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

https://5bf7b0e5a2a6410bb6e81a7b0671f873.elf.site

16.09.2024 күні 5-8 сыныбында «Буллингтен қорған» атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: - балалардың қорлау, психологиялық зорлық-зомбылық сияқты ұғымдарға теріс көзқарасын қалыптастыру; - қорқыту жағдайларынан шығу жолдарын табу қабілетін дамыту; - құрбылар

Ұйымдар тізімі
Текст